• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылдың соңына дейін аграрилер Азық-түлік корпорациясына борыштарын өтеп бітеді  - Қашқымбаев 04.12.2014

«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қойған  тапсырмалары аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ жыл сайын астық, бидай, ешмен өнімдерін сатып алудың форвадты бағдарламасын жүзеге асырады. Осыған дейін айтылғандай, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2014 жылы экономиканы жаңғырту  мемлекеттік комиссиясының шешімі бойынша  бюджеттен 14 млрд теңге бөлінді», - деді С.Қашқымбаев.

Азық-түлік корпорациясының аталмыш бағдарламасы аясында 13 млрд теңгеге 1738 шаруа қожалығы қаржыландырылды. Оның ішінде қаржыландыру алаңы 2,1 млн гектардан асты.

«Бүгінгі таңда 10,5 млрд теңге қайта қайтарылды, ол қалған соманың 80 пайызын құрайды. Қалған сома жыл соңына дейін қайтарылады. Астық сатып алынуға бөлінген қаржы келесі жылдың соңына дейін қайтарылады. Сондай-ақ, АӨК субъектілері ҚазАгро, қаржы институттары мен еншілес компанияларға қарыз болмауы керек», - деді ол.

Айта кетейік, агроөндірістік кешен субъектілерін қаржыландыру 1 га жерге 6 мың теңге арқылы жұмсалады.

«Бағдарламаның шарықтау шегі аграрилердің 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін астық немесе ақшалай тұрғыда өз жұмысын атқару», - деді ол.

 Камила Амирова


Back to the list