• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда жергілікті өндірушілерге арналған «бір терезе» қағидасын енгізу ұсынылуда 03.12.2014

«Өздеріңізге де белгілі, «KazNEX Invest» АҚ жанында инвесторларға арналған «бір терезе» қағидасы жұмыс істейді. Ішкі тұтынушыларға да осындай бастама көтеру керек. Біз кейде өзіміз жергілікті өндірушілерді танымай жатамыз», - дейді М.Әзірбаев Еуразиялық Құрылыс саласы конгресінің панельді сессиясында.

Сонымен қатар, шет елдік инвесторларға «KazNEX Invest» АҚ Қазақстан нарығында өзінше тетік болып табылады. «Мемлекет осындай «бір терезе» қағидасы түріндегі қолдау тетігін жасады. Қазақстанға келетін шет елдік инвестор біздің елді жетік танымағандықтан осындай жеңілдік жасап отырмыз. Осылайша «KazNEX Invest» АҚ инвесторлар мүддесіне де еңбек етеді. Олар Қазақстанға келгенде белгілі бір салалардағы әріптестер мен ондағы жұмыс жайы туралы айтамыз», - дейді «KazNEX Invest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсел Ерғазиева.

Аталмыш қолдау шаралары, оның айтуынша, жұмыс нәтижесіне айтарлықтай әсер етеді. Көптеген инвесторлар мемлекет тарабынан осындай қолдау тетігі қарастырылғандықтан жемісті еңбек ету мүмкіндігіне ие болып отыр.

«Инвесторларға тек жер ғана керек емес. Қазір біз ортаға кісі салмай-ақ инвестор таба алсақ, кіммен жұмыс істеу керектігі күн тәртібіне шығады. Әсіресе бұл ғылымиланған экономикаға, жаңа технологиялар мен инновацияларға да қатытсы», - дейді.

Камила Амирова


Back to the list