03.12.2014
2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктер 17,0 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 15,0 млн. адам болды (2013 жылғы осындай күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 13,0% және 11,4% өсу). Ең қолайлы таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 74,6%, кредиттік карточкалардың үлесі – 19,8%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 1,5% және 4,1% сәйкес келеді.
2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 28 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады.
«2014 жылғы қазанінда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 688,1 млрд. теңге болды (2013 жылғы қазан айымен салыстырғанда өсу 22,3%). 2014 жылғы қазан айында транзакциялар саны 20,9 млн. транзакция болды және 2013 жылғы қазан айымен салыстырғанда 14,0% ұлғайды», - делінген хабарламада.
Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар және банкоматтар арқылы жасалды.