03.12.2014
Қорда хабарлағандай, оған мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, тамақ және өнеркәсіп өнімдерін, қызмет көрсету саласын дамытуға арналған 100 бизнес-жоспар жобасы кірген.
Сондай-ақ, жинақ ісін жаңа бастап жатқан жас кәсіпкерге бағытын анықтауға көмектесу үшін әзірленген.
«Брошюраға барлық жобалардың электронды түрдегі жазбасы бар дискі қоса жалғанады. Жобаларды қаржылық түрғыдан жоспарлау барысында республика бойынша орташа мәліметтер алынғандықтан, кез келген пайдаланушы ақпаратын өз мәліметтері- бағасы, көлемі, өңірі және т.б. бойынша өзгерте алады, және соның негізінде өз бизнес-жоспарын әзірлеп шығады», - деді Стратегиялық даму қоры департаменті директоры Мұрат Ысқақов.
Сондай-ақ жинақта ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры жүзеге асырып жатқан несиелеу, «Жұмыспен қамтудің жол картасы -2020», «Мурабаха», «Монокалаларды дамыту», «Кәсіпкер» бағыттары бойынша микронесиелер де келтірілген. Болашақ кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін брошюраға ауыл шарушылық тауарларын жеткізушілер мен қызметтерін көрсетушілердің тізімі де енгізілген.