03.12.2014
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін (АӨК субъектілері) қаржыландыру 1 га егіс алаңына 6 000 теңге есебінен (алдын ала төлем) жүзеге асырылады.
«Форвардты жолмен сатып алудың негізгі шарттары:міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдемелерін беру,АӨК субъектілерінің 2014 жылғы форвардты жолмен сатып алу шарттары бойынша өз міндеттемелерін толық орындауы», - делінген хабарламада.
Корпорацияның және/немесе «ҚазАгро» холдингі» АҚ және өзге қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы.
Аталған бағдарламаға қатысатын АӨК субъектілерінің тізімін облыстардың әкімдіктерінің жанындағы облыстық Үйлестіру кеңестері жасайды.
АӨК субъектілерінің міндеттемелерін орындауы Корпорация айқындайтын алдын-ала төлем сомасының және сатып алу бағасының негізінде белгіленетін көлемдегі бидайды жеткізу арқылы 2015 жылдың 1 қарашасын қоса алғандағы мерзімге дейін жүзеге асырылады.