• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысының  бюджетіне  83,5  млрд теңгеден  астам түсім  жоспарланған – әкімдік 03.12.2014

«Облыстық бюджеттің жобасы Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған болжамының негізінде құрастырылды», - делінген хабарламада.     

 Отырыста экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров баяндамамен сөз сөйледі. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте 83,5 млрд.теңгеден астам сомасында түсім жоспарланды.

 Атап айтқанда, білім беру саласында облыстық бюджетте 9,2 млрд.теңге қарастырылды. Бұл қаражат орта білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, білім беру сапасын арттыруға, бәсекеге қабілетті техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлау үшін жағдай жасауға бөлінетін болады.

 Сонымен қатар, 2015 жылға денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін 7,8 млрд.теңге жоспарланды. Бұл жерде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, қан айналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтау және оның алдын алу, туберкулезбен сырқаттануды төмендету және кадр ресурстарын дамыту мәселелері басымдылыққа ие болады. 


Back to the list