• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Қазақстанның үздік тауары» атағына 150 компания күреседі (ФОТО) 02.12.2014

«2014 жылы өңірлік байқауларға 700 кәміпорын қатысты. Жеңімпаздардың жалпы саны 153 кәсіпорынды құрады. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында 153 өңірлік жеңімпаз таныстырылды. Үш номинация бойынша, «Қазақстанның үздік өндірістік  тауары» -51, «Халық падаланатын үздік тауар» - 51, «Үздік өндірістік тауарлар-51», - деді Ғ.Дұғалов.

Сондай-ақ, Инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары атап өткендей, «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өңірлерде 2014 жылдың мамыр-маусым айларында өтті.

«Шараны өткізудің мақсаты – отандық тауарларға жарнама мен қолдау көрсету. Республикалық байқауда өңірде жеңіске жеткен қатысушылар бақ сынайды», - деді ол.

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы 3 номинация бойынша өтті. Ол: Қазақстанның үздік өндірістік  тауары» ,«Халық падаланатын үздік тауар», «Үздік өндірістік тауарлар».

Индира Кауметова

Фото Азамат Алиев


Back to the list