02.12.2014
«Биыл Мемлекет басшысының «Алтын сапа» конкурсына қатысу үшін біздің министрліктің атына 293 өтініш түскен, оның негізгі бөлігін орта кәсіпкерлік субъектілері құрайды, олардың саны -127, шағын кәсіпкерлік субъектілері-100 кәсіпорыннан астам, ірі кәсіпкерлік субъектілері - 65 кәсіпорын», - деп мәлімдеді Ғ. Дұғалов.
Сонымен қатар Дұғалов атап өткендей, Мемлекет басшысының 2006 жылы 9 қарашадағы жарлығына сәйкес ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы үш номинация бойынша өткізіледі: «Өндірістік саладағы ең үздік кәсіпорын», «Тұрғындар үшін шығарылатын тауарларды өндіретін ең үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсету саласындағы ең үздік кәсіпорын».
Сонымен биыл «Өндірістік саладағы ең үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша -92, «Тұрғындар үшін шығарылатын тауарларды өндіретін ең үздік кәсіпорын» - 115, «Қызмет көрсету саласындағы ең үздік кәсіпорын» - 86.
«Алтын сапа» конкурсының Қазақстанда 2006 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын атап өткен жөн. Конкурсты өткізудің мақсаты өнім және қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамту саласында айтарлықтай нәтижелерге жеткен, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарын енгізген кәсіпорындарға қолдау көрсету және оларды ынталандыру болып табылады.
Индира Қауметова