27.11.2014
«Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 240,8 мың теңге (2 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 237,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 203,8 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 74,4 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 37,4%-ға төмен», - делінген хабарламада.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 229,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік облысында мұның шамасы 80,9 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,0%-ға төмен.