• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Өскеменде Тұңғыш Президент күнін тойлауда 27.11.2014

Апталықтың алғашқы күінен бастап мектептерде «Елбасына тарту» атты тақырыптық класс сағаттары, шығармалар байқауы, кітап көрмелері, ауызша журналдар ұйымдастырылып, ұлт көшбасшысы туралы деректі фильмдер көрсетіліп, салтанатты жиналыстар өткізіліп, «Президент күні - Қазақстанның барша халқының бірлігі күні» тақырыбында ақпараттық қабырға газеттері ілінген. Орталық қалалық кітапханада «Н.Ә.Назарбаев - ұлт көшбасшысы» тақырыбында кітап көрмесі ашылды.  

23 қарашада Қазақстан-Америка  Еркін университетінде (ҚАЕУ) ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған дебаттар өтті. Дебатерлердің Шығыс Қазақстандық Қауымдастығының Төрағасы Медет Мұздапаров дебат - қарым-қатынасқа үйретудің ерекше формасы, ол оқушылар мен студенттердің тәрбие жұмысын ұйымдастыруға ықпал етеді. «Дебаттың танымалдылығының өсуі қуантады. Оған 41 команда қатысты. Бұл қазақ тілді лигадағы қатысушылар саны бойынша рекорд болып табылады», - деді ол.

Келесі тақырыптық шаралар - бұл Астана мен Өскемен қалаларының сәулет құрылыстары макетінің көрмесі. Көрмеде елорда мен облыс орталығының сәулет құрылыстарының 15 макеті ұсынылды. 

Келесі күн тақырыбы «Металмен шыңдалған Елбасы» деп аталды. Бұл күні қала билігі қала кәсіпорындарын аралап, еңбек ұжымдарын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.


Back to the list