25.11.2014
«Бізден отандық кәсіпкерлер тауар биржалары арқылы сатып алу процесін реттеуге үлес қосуға өтініш жасады. Бюджеттік сауда тетігі бүгінгі таңда жеткілікті деңгейде дамымаған. Бұл өз кезегінде тапсырыс беруші, тасымалдаушы мен биржалық алып сатарлар арасында тікелей келіссөз жасауға мүмкіндік береді», - дейді «NADLoC» Басқарма төрағасы Қайрат Бектұрғанов.
Сонымен қатар келелі кеңеске қатысушылар жер қойнауын игерушілердің сатып алуын тауарлық биржа арқылы жүргізу тиімділігін және аталмыш саладағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастырды.
Кеңесте белгілі болғандай, аталмыш сатып алулар «Жер қойнауын игеру операцияларын өткізу және өндірушілер бойынша тауарлар, жұмыс пен қызмет реестрі» ақпараттық жүйесінен тыс жүргізіледі. Нәтижесінде қанша тауар сатылғаны немесе сатып алғанын қадағалау мүмкін емес.
Индира Кауметова