25.11.2014
Аталып өткендей, Елбасының берген тапсырмасына сәйкес Астананы Азық түлік өнімі белдеуімен қамтамасыз ету жолында жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылы 2013 жылмен салыстырғанда елордаға жеткізілген аылшаруашылығы өнімі артты.
«Ағымдағы жылдың 10 айында 52 мың тонна сүт пен сүт өнімдері жеткізілді, ол Астана қаласы тұрғындары қажеттілігінің 36,4% құрады. Бұдан басқа 17,6 мың тонна ет әкелінді және ол тұрғындар қажеттілігінің 46% көрсетті. Сонымен қатар 161 млн дана жұмыртқа жеткізіліп, елорда халқының қажетттілігінің 90% қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.
Бүгінде Астанаға өнім жеткізумен облыстың 128 кәсіпорны айналысады, олардың 77 – малшаруашылығы, 4 – құс өсіру, 13 – картоп пен көкеніс, 34 – ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласы бойынша.
Айта кетерлік жайт, бұл кәсіпорындардан басқа елордаға азық түлік жеткізумен жеке шаруақожалықтарда айналысады.