• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде «KEGOC»АҚ роуд-шоуы өткізілді 24.11.2014

 «Астанада басталған шарадан бастап оған 35 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Роуд-шоу аясында ақтөбеліктер KEGOC компаниясының акцияларын сатып алу механизмімен танысты. Оның үстіне құнды қағаздар нарығымен енді танысып жатқан ел азаматтары үшін ол олардың қаржылай сауаттылығын арттырудың тағы бір жолы», - делінген хабарламада. 
KEGOC-та түсіндіріп өткендей, өтініштерді қабылдау 3 желтоқсанда аяқталады, ал 19 желтоқсанда бағалы қағаздар қор биржасына орналастырылады. Бір акцияның құны - 505 теңге. Халыққа дивидендтерді төлеу үшін табыстың 40% жөнелту көзделген. Жалпы орналастырылатын акиялар саны  - 25 999 999 дана. Сатылмаған акцияларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сатып алады. 
Естеріңізге сала кететйік, KEGOC компаниясы «Халық IPO» бағдарламасына қатысып тұрған екінші компания. Алғашқы компания-эмитент болып акционерлер саны 34 мың қазақстандықты құраған «ҚазТрансОйл» компаниясы. Компания басшылығының өкілдері мен потенциалды инвесторлардың кездесуі Қазақстанның 18 өңірінде өткізіледі.


Back to the list