24.11.2014
«Алматы облысы бойынша «Даму» қорының өңірлік бөлімшесінде болған ҚР Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» ҚДП фракциясы атынан депутаты Нұрлан Жазылбеков «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру барысымен танысты. «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлер партиясы ретінде таныдып, партия мүшесінің аталмыш мәселеге баса назар аударуы да тегін емес. Депутат «Даму» қоры бөлімшесіндегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету ортаығы жұмысымен танысып, кеңесші және келушілермен әңгімелесті», - делінген хабарламада.
Орталық жұмысымен танысқаннан кейін Н. Жазылбеков «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы «Бизнес-Кеңесші II» жобасы бойынша кәсіпкерлерге арналған семинарға қатысты. Семинар тақырыбы «Компанияны дамутың құралы ретінде жобаларды басқару».
Депутат облыстағы кәсіпкерліктің даму барысына ерекше назар аударды. Қазіргі таңда облыста шағын және орта бизнес саласындағы 232 жоба мемлекеттік қолдау алды, үш экспорттаушы компания да тиісті қолдауға ие болды. Кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялаудың несиелік портфелі 124 млрд теңгеден асады. 22 жоба жалпы құны 980 млн теңгенің кепілдігін алып отыр.
Мәжіліс депутаты кәсіпкерлік қызметтер шарттарын түбегейлі жақсарту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу заң жобасының мақұлданғанын айтты. Заң жобасының басты мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру, мемлекет пен бизнес арасында әріптестік қатынасты орнату, мемлекеттің «анықтау және жазалау» саясатының орнына «ескерту және адал кәсіпкерлерді марапаттау» саясатын тарату болып табылады.
Хабарламада айтылғандай, заң жобасы шағын кәсіпкерлік субъектілерін жою тәртібін қысқартуды енгізу, кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеруді алып тастауға бағытталған 11 кодекс пен 94 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікке кедергі келтіретін нормаларды алып тастауға бағытталған заңнамаға тексеру жүргізу қорытындысы бойынша өзгерістер енгізу және жеке кәсіпкерліктерді мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру бойынша құзіретті институт енгізу қарастырылған.