• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Биыл Қарағанды облысына 108 мың турист келген 23.11.2014

«Өңірдің географиялық орны, табиғат байлығы, мәдени-тарихи мұрасы туризімнің дамытудағы алғышарттары болып табылады. Аймақта 2 ұлттық парк, 9 табиғи қорық, Балқаш көлі және музейлер орналасқан», - делінген хабарламада.

Туристік инфрақұрылым қатарына 177 қонақ үй, мотел, жазғы лагерлер мен демалыс үйлері бар. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 20%-ға артқан.

Ағымдағы жылда өңірге 108 мың туристер кеген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,5%-ға артық.

Жалпы, осы  жылда барлық салалар бойынша өсімдер байқалған. Бірақ туризм саласы тек 0,2 пайызға артқан.
Өңірдегі туризм саласын дамыту үшін бірқатар жобалар жүзеге асуда. Олар: Балқаш көлінің бойында орналасқан 150 адамға арналған шипажай, Қарағанды қаласында орналасқан бір қатар қонақ үй кешендері, Ұлытау ауданында орналасқан «Нұрдәулет» туристік кешені т.б.

Сонымен қатар, мәдениет басқармасы мен кәсіпкерлік басқармасы біріге отырып туризм саласын дамыту мақсатында Қазақ мемлекетінің 550-жылдығын тойлау Концепциясына Ұлытау өңірінде өтетін шараларды қосып отыр.

 


Back to the list