21.11.2014
«Осы жылдың қаңтар-қазан айларында салада 87,4 млрд теңгенің немесе 94,3 пайыз өндірістік өнім өндірілді. Көмір өндіру көлемі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 9,1 пайызға төмендеп, 52,4 млрд тоннаны құрады, ол коммерциялық сұраныстың қысқаруына байланысты. Жалпы, 2014 жылдың қаңтар-қазан айында Павлодар облысында 890,7 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді», - деді ол.
Сондай-ақ, қаңтар-қазан айларындағы өндірістік өнім көлемі 576,5 млрд теңгені немесе 99,2 пайызды құрады.
«Жыл басынан бері өнім көлемі мұнай өнімдері тауарын өндіру, химия өнеркәсібінің тауарларын өндіру, электр қондырғыларын өндіру, қағаз өндірісі бойынша басымдылық байқалуда», - деді ол.
Айта кетерлігі, Павлодар облысында 3832,4 мың тонна (97,5%) өнімі өндірілді, оның ішінде бензин - 1052,8 мың тонна (116,9%), жанармай - 94,1 мың тонна (97,8%), дизель отыны 1369,1 мың тонна (89,7%), мазут - 564,8 мың тонна (74,5%).
Сондай-ақ, ферроқорытпа өнімі де өскен.
Индира Кауметова