20.11.2014
Фотокөрмені ҚР инвестициялар мен даму жөніндегі вице-министрі Альберт Рау мен Еуразиялық Топтың өндіріс бойынша вице-президенті Азамат Бектібаев ашты. А.Рау Еуразиялық Топтың тау-кен және металлургия саласы үшін маңыздылығын айтты.
«Еуразиялық Топ Мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының белсенді мүшесі болып табылады: ол жалпы құны шамамен 2 млрд доллар болатын 12 инвестициялық жобаны жүзеге асырды, 2 500 жаңа жұмыс орнын ашты,» - деп атап өтті А.Рау.
Еуразиялық Топтың 20-жылдығы табыстың тарихы деп айтуға болады. Тау-кен металлургия кешенің қызметкерлерінің V съезінің қарсаныңда өте символдық , өйткені осы көрмесі саланың кәсіпорындары туралы. . Осылайша Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы мақаласындағы идеялар жүзеге асырылады.
Фотокөрме Еуразиялық Топтың осы бағыттағы жұмысының маңызды жалғасы болып табылады. Көрменің ерекшелігі – фотосуретші Жанарбек Аманқұлов экспозицияда Еңбек Адамдарын көрсеткен. Олар компания кәсіпорындарының қызметкерлері – металлургтер, шахтерлер, электростанция операторлары, бұрғылау қондырғылары, көпірлі крандар немесе экскаваторлардың машинисттері, ардагерлер, еңбек үздіктері мен еңбек әулеттері. Тек солар ған саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ел экономикасының дамуына мүмкіндік береді.
«Экспозиция біздің кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлерде – Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарында, Ақсу, Рудный, Хромтау қалаларында болды. Мұнда Еуразиялық Топтың құрамына кіретін отандық тау-кен және металлургия өнеркәсібінің алыптары орналасқан – Ақсу ферроқорытпа зауыты, ЕЭК, ССКӨБ, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Дөң КБК және басқалары. Өндірістің ауқымын, карьерлер мен цехтарда жұмыс істейтін адамдарды көрсететін фотосуреттер кәсіпорын қызметкерлері мен өңірлердің тұрғындарында жылы әсер қалдырды. Сондықтан фотокөрмені Еуразиялық Топтың 20-жылдығына орай Астанада көрсету туралы шешім қабылданды. Инвестициялар мен даму жөніндегі министрлік – бұл үшін ең жақсы орын. Фотокөрмеге сала қызметкерлері, Қазақстандағы компаниялар мен кәсіпорындардың кеншілері, металлургтері мен энергетиктері ғана емес, жұртшылық та өз бағасын бере алады», - делінген хабарламада.
Фотокөрме салалық министрлікте бір апта болады.