• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында қуаттылығы  2 млн тонна цемент зауыты ашылады (Фото) 20.11.2014

«Өңір әкімі Сергей Кулагин Еңбекшілер ауданына жасаған жұмыс сапары барысында цемент зауытының жұмысымен танысты. Нысанның жобалық қуаттылығы жылына 30 млрд теңгенің өнімін құрайды. Жалпы жылына 2 млн тоннаның 20 марка цементін дайындау жоспарланып отыр. Зауыттың құрылысы 700 адамды жұмыспен қамтымақ. Өткен және биылғы жылдары құрылыс жұмыстары аяқталып, зауытты іске қосу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысан 73 пайыз дайын тұр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өңір басшысы Дон орта мектебінде болып, 2013 жылы құрылысы тоқтап, кейін «Жұмыспен қамтудык жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 81 млн 360 мың теңгеге қайта салынатын ғимаратты барып көрді. Мұнда жалпы саны 154 оқушы бар. Айта кету керек, әкім оқытушылар мен оқушыларға ҚР Президентінің «Нұрлы Жол» Жолдауын таныстырды.  

Сондай-ақ, әкім Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Біржан сал атындағы музыка мектебінде болды. Мұнда 99 шәкірт домбыоа, қобыз, фортепиано, гитара мен сырнай үйірмелеріне қатысады.


Back to the list