19.11.2014
«2015 жылы Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 4,8% құрайды. Бұл алдын ала мақұлданған болжамнан 0,2 пайызға төмен. Ал 2015-2019 жылдары бұл көрсеткіш 5,3-6,7 пайыз болаы», - дейді Құсайынов
Осылайша, оның айуынша, 2015 жылы номиналды ЖІӨ 43 721,3 млрд теңге болып, тамыз айында алдын ала белгіленген болжамнан 1 310,9 млрд теңге төмен болмақ.
Нәтижесінде, номиналды ЖІӨ көрсеткіші 2019 жылға қарай 70 753,6 млрд теңгеге дейін артпақ. «Кісі басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 13,5 мың доллардан 2019 жылы 20,8 мың долларға дейін артпақ», - дейді.
Сонымен қатар, министр орынбасарының мәліметінше, инфляция деңгейі бұрынғы 6-8% аралығында сақталған.
«2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2050 Стратегиясында айқындалған және Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында міндеттелген тапсырмаларын іске асыру аясында дайындалды», - дейді.
Камила Амирова