• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да ауыл шаруашылық өнімі 2,3 млн тоннаны құрады 19.11.2014

«2014 жылғы он 10 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 288 млрд.тг құрап, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 12,0 млрд.тг артты. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 340,0 млрд.тг немесе өткен жылдан 40,0 млрд.тг артып, нақты көлем индексі кемінде 104% жеткізілетін болады. Биыл егістің көлемі 790 мың га құрады, жаңадан 16,4 мың суармалы жерлер қосылды», - делінген хабарламада.

Көкөніс, картоп, бақша өнімдерінен 2,3 млн.тн өнім жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 250,0 мың тг. артты.

Озық технологиялар: тамшылатып суғару әдісі 33,0 мың га, жылыжайлар көлемі 900 га, терең қопсыту технологиясы 37,0 мың га, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының сыйымдылығы 210 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіштер соңғы 3-4 жылда 3 еседен 5 есеге дейін ұлғайып отыр.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011-2014 ж.ж. 28135 бас аналық ІҚМ сатып алынып, меже 1,8 есеге артығымен орындалды. Бүгінгі күні тұқымдық түрлендіруге 651 фермерлік қожалықтарындағы 37409 бас аналық ІҚМ қатысуда. Жалпы аналық ІҚМ шаққандағы үлесі 10,3 % немесе өткен жылдан 2,3 есеге артты. 10 айда қайта өңдеу көлемі 122,0 млрд.тг құрап, өткен жылдан 10 % ұлғайды. Ағымдағы жылдың 10 айында жалпы көлемі 250,0 млн.

«АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 17% артты. Облыстан негізінен экспортқа: картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылады», - деп хабарлады әкімдік.

 Ауыл шаруашылығы дақыларын әртараптандырып, егіс, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өнім көлемін арттыру мақсатында ағымдағы жылы «Мақтаның егістік алқабын әртараптандырудың 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары», «Қарқынды бау шаруашылығын дамытудың 2014-2016 ж.ж арналған облыстық іс-шаралары» және өңірлік «Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жж. арналған іс-шаралар жоспары» қабылданды. Бұдан бөлек, балық шаруашылығы мен омарташылық саласын дамытуға көңіл бөлінуде


Back to the list