• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
АШМ мен Энергетика министрлігі шаруаларға маусымдық жанар-жағармай бөлу мәселесін реттейді 17.11.2014

«Қазір біз ҚР Энергетика министрлігімен ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге арналған маусымдық жанар-жағармай үлестіру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - дейді министр.

Мысалға, Мамытбековтың айтуынша, «көктемгі егістік жұмыстарына қажетті жанар-жағармайдың ауқымды көлемі елдегі мұнай өнімдерінің теңсіздігіне алып келеді. Аталмыш мәселені реттеу мақсатымен қазір Энергетика министрлігімен тығыз байланыста қызмет етудеміз. Келер жылдың көктемгі егістік науқанына қажетті отынды қазірден бастап сайлау қажет», - дейді.

Оның пікіріне сүйенсек, ауыл шаруашылық өндірісіне жүргізілген сараптамадан көретініміз, маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізуге республика деңгейінде қажетті техниканың бәрі бар. «Ауыл шаруашылық техникаларын тұрақты түрде сатып алу үрдісі де байқалады. Соңғы бес жылда 24 мыңнан астам техника алынған. Тракторлар бойынша жыл сайынғы қажеттілік 10 мыңды, комбайндар 1,5 мыңды, себу техникасы 1,4 мыңды құрайды», - дейді министр.

Камила Амирова


Back to the list