17.11.2014
«Әкімдіктердің жедел мәліметтері бойынша елімізде 14,5 млн га немесе бидай алқабының 96,5% жиналды. Ал, әр гектарынан орташа есеппен 12,6 центнер түсім болды деген жағдайда 18,3 млн тонна бидай бастырылды», - деп хабарлады А.Мамытбеков.
АШМ атап өткендей, бидайдың жалпы түсімі 17,6 млн тонна деңгейінде болады деп болжауда. Бұл өз кезегінде экспорттық әлеуетті 7 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ведомство басшысы толықтырып өткендейдей, алдыңғы жылы табиғат бұданда қолайлы болған кезде 17 қарашаға дейін егін алқабының 99,6 пайызы жиналған болатын. «Жалпы, табиғаттың қытымыр мінезіне қарамастан егін жинау маусымы көңіл көншітерлік жағдайда өтуде, нәтиже бұданда жаман болуы мүмкін еді, шығында шаш етектен болар еді», - деп есептейді ол.
Бұдан басқа, Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аймақтарында егін жинау әліде жалғасуда, Ақмола облысының екі ауданында астық жинау аяқталып қалды. Ал, өзге аймақтарда науқан аяқталды.
Оның мәліметі бойынша майлы дәнді дақылдар алқабының 64%, көкөніс бақша және картоп алқабының 99,6% жиналды. «Көкөніс өнімдерінің түсімі биыл өткен жылмен салыстырғанда жоғары, орташа есеппен әр гектарынан 12,1 ц, картоп - 15,9 ц алынуда», - деді А.Мамытбеков.
Камила Амирова