• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Маңғыстауда 2015 жылы мұнай саласы кадрларын қаржыландыру тоқтатылады (Брифинг бейнебаяны) 14.11.2014

«Мемлекет басшысы білім және ғылым министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірігіп бір мамандықта адамдардың көбейіп кетпеуін бақылауға алуды тапсырды. Мемлекет бөліп отырған қаржы олардың жұмысқа орналасуы кезінде жұмсалуы тиіс», - деді әкім.

Бүгінгі таңда мұнай саласында кадрдың көптігі  белең алды. «Мұнайшы мамандығын бітірген түлектер жұмысқа орналаса алмайды. Барлық мұнай компаниялары толық. Жоғары айлық осы салаға адамдардың көптеп келуінің себебі», - деді ол.

Әкім атап өткендей, оның оқу орындарын ашып-жабуға құқығы жоқ. «Біз келесі жылдан бастап мұнайшы студенттерді дайындауды тоқтатамыз. Бұл ақша тапшы мамандықтарды оқытуға бағытталады», - деді ол.

Камила Амирова


Back to the list