• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырау облысында шағын бизнес субъектілеріне электр энергиясы үшін 100% алдын ала төлемді алып тастау туралы меморандумға қол қойылды – ҰКП 13.11.2014

Меморандумға сай, электрмен қамту бойынша қолданыстағы келісімге 100% алдын ала төлемді алып тастау туралы өзгерістер енгізілмек.

«100% алдын ала төлемді алып тастау туралы шарт шағын бизнес субъектілеріне ауыртпалық салатын мәселелердің бірі еді. Оған дәлел кәсіпкерлердің электрмен қамту ұйымдарына 100% алдын ала төлем жасау талаптарының қаншалықты заңды екенін анықтау мақсатында жазған хаттары мен өзге де қолданған шаралары. Өйткені бұл кәсіпкерлерге айтарлықтай ауыртпалық салып, белгілі бір деңгейде кәсіпкерлер жұмысын тежейді. Айта кету керек, кей жағдайларда кәсіпкерлердің осынау төлемді төлеуі үшін банктерден қосымша несие алып жататын жағдайларыда кездеседі. Аталмыш талап келісімнің шарты ретінде 2002 жылдан бері енгізілген еді. Сол себепті 100% алдын ала төлемді алып тастау туралы меморандумның жасалуы шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен қадам болмақ», - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының  директоры Асылбек Жақиев.

«Атырау Энергосату» ЖШС директоры Эльмира Исембергенованың айтуынша, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 100 пайыз алдын ала төлемінен босату үшін кәсіпкерлер электрмен қамту ұйымдарына egov.kz электронды базасынан өздерінің шағын кәсіппен айналысатыны туралы анықтама алып келуі керек. Осының негізінде кәсіпкерлермен қолданыстағы келісімге қосымша келісім құрылады. Оған сай, кәсіпкер электр қуатының тек тұтынған көлеміне ғана төлеп отырады.


Back to the list