12.11.2014
Аталып өткендей, ҚР аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 75,1 млрд теңгені құрайтын мүлікті жария етуге 8300 өтініш түсті. Оның ішінде жария етуге 57,4 млрд теңге сомасында жылжымайтын мүліктің 6515 объектісі , 16,2 млрд теңге сомасы шамасында 4120 жылжымайтын мүлік емес нысан, 8,5 млрд теңге сомасында 713 коммерциялық нысан, 0,7 млрд теңге сомасында заңды тұлғаларға қатысу үлестерін жария етуге 13 үлес жария етуге мәлімделді. Ал, бағалы қағаздар 0,8 млн теңгеге жария етілді.
«03.11.2014 жылғы жағдай бойынша салық органдарына ҚР шегінен тыс мүлікті жария етуге өтініштер түскен жоқ», - деп ведомстводан толықтырды.
ҚР Ұлттық банкі есебінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 4,4 млрд теңге ақшаны жария етуге 12 жинақтау шоты ашылды, олардың ішінде жинақтау шотынан 2,3 млрд теңге алынды, ақшаны жария еткені үшін бюджетке 257,8 млн теңге алым төленді.
Сонымен қатар хабарланғандай, мүлікті жария етуге түскен өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы алда келеді (2094 және тиісінше 1671). Азаматтардың белсенділігі бойынша үшінші орынды Ақтөбе облысы алады (749 өтініш). Азаматтардың белсенділігі бойынша соңғы орында бұрынғысынша Маңғыстау облысы тұр - акция басталғаннан бері жария етуге небары 49 өтініш түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мүлік пен қаржыны жария ету науқаны 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанынан дейін жалғасады.