• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қ.Төлеушин: Қазақстанда ШОБ-ті  қолдау аясында 73 мың адам оқытылды 10.11.2014

«Кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдауға келер болсақ, ол кеңес беру түрінде жүзеге асырылуы керек. «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы аясында 18-29 жас аралығындағы 2079 адам оқытылып шығарылды. Сонымен қатар, кәсіпорын жетекшілерін де шет елдерге жаңа технология меңгеру үшін жіберіп жатырмыз. Жалпы саны 73 мың адам оқытылып, осы қолдау республиканың әр өңірінде жүзеге асырылып жатыр», - дейді.  

Айта кету керек, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау аясында 42 683 кәсіпкерге 154 152 мың сервистік қызмет көрсетіліп, «Назарбаев Университеті» АҚ базасында шағын және орта бизнестің 1 263 жетекшісі оқытылды.

Сонымен қатар, «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында 2 252 кәсіпкер оқытылып, соның ішінде 158-і Германияда, 149-ы АҚШ-та тағылымдама алды.

Индира Қауметова


Back to the list