10.11.2014
«Жыл басынан бері бизнес субъектілері 382,5 млрд теңгенің тауарын өндірді немесе өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 100,1% құрады. Облыстың сыртқы тауар айналымы 5,5 млрд долларды көрсетті. Қаржылай емес шаралармен 1427 кәсіпкер қамтылды», - делінген хабарламада.
Аймақ бюджетіне салық пен төлемдер түрінде 81 млрд 256 млн теңге көлемінде қаржы түсті, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 8,8%-ға жоғары. Басты шығындық бюджет міндеттемелері толығымен орындалды.
Аталып өткендей, бөлшек саудасының айналымы 7,2% өсіп, 400 млрд теңге болды. Ал, халықтың қаржылай табысы 7%-ға артты.