• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қарағанды облысында жылу көздерінің жөндеу жұмыстарына 49 млрд теңге бөлінеді 10.11.2014

«Осы жылы жылу көздерін, электр нысандарын, су құбырларын, кәріз желілерін   жөндеу жұмыстарына 49 млрд теңге бөлу жоспарланған,  бұл  2013 жылдық көрсеткішке қарағанда  17 млрд теңгеге жоғары. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталды», - делінген хабарламада.

ТКШ және энергетика басқармасының жетекшісі Сергей Касимовтың айтуынша, ЖэС турбина мен қазандықтардың жөнделуі жалғасуда. 8 станцияның 7-і дайындық паспортына ие болды, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жақсы нәтиже.

Сондай-ақ, осы жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 210 км желілік 15 нысанды салу жоспарланған. Жыл басынан бері облыста 493 км немесе 2013 жылмен салыстырғанда 110 пайыз жол жөнделді. Жүк тасымалдау 5,5 пайызға, жолаушылар 5,7 пайызға көбейді. 


Back to the list