10.11.2014
«Биылғы жарты жылдық бойынша жалпы өңірлік өнім 1 трлн 296 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4,5% артқан. Облыс экономикасына 273 млрд теңге инвестиция салынды. Жыл басынан бері 1 трлн 64 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. 258 мың метр үй салынса, бұл өткен жылғы көрсеткіштің 100,3 пайызын құрайды», - дейді экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская.
Оның айтуынша, негізінен жоспарлы көрсеткіштер орындалған, мақсатты индикаторларға қол жеткізілген.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімі өндірісі 101 млрд теңгені құрап, 4,2 пайыз өсімді көрсетіп отыр. Мал басы мен құс саны артып келеді. Мал шаруашылығы өнімдерінің де көбейіп келе жатқаны байқалады.
Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың айтуынша, облыстың әлеуметтік-экономикалық саласы негізгі көрсеткіштердің өсімімен алға жылжып отыр.