10.11.2014
Ұлттық компанияда хабарлағандай, бәссауда электронды және екі деңгейлі байқау бойынша жүзеге асады. «Қазіргі таңда электронды бәссаудаға «ҚТЖ» ҰК» АҚ 9 активі шығарылып, оның 3-і жеңімпаз атанды. Бәссауда қорытындысы бойынша активтің бағасы екі есеге көтеріліп сатылды, оның құны 2,6 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, компанияның қызметкерлерін әлеуметтік қорғау аясында активтерді сату барысында мына тәртіптер сақталады: 1 жыл бойы қызметтің сақталуы, 1 жыл бойы жұмыс орындарының сақталуы, ұжымдық келісім шарт бойынша тәртіптерді орындау.
Бүгінгі таңда Қазақстанның темір жол әкімшілігі 6 жобаны сатты, оның ішінде «Қазқор - Транссервис» АҚ, «АТБ+» ЖШС, «Ақ берен» ЖШС.