• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҰКП ҚР-дағы сауда нарықтарының жаңғыртуға дайындығын сараптады 09.11.2014

Төрағаның орынбасары сөз басында барлық сауда және тауарларды алға жылжыту процесіне қатысушылардың, сондай-ақ мүдделі тұтынушылардың сындарлы сұхбат құруына мүмкіндік берген оқиғаның бірегейлігін атап өтті.   

«Ұлттық палата сауалнаманы аудандарда өткізді, Оған қатысқандардың  20%-ы сауда нарықтарын жаңғыртуға көшкісі келмесе, тағы 20%-ға жуығы жаңа форматқа көшуге әзір. Тек бір мәселе де ғана үндестік байқалды, ол билікпен байланыс орнату және қалай жер алу және т.б.», - деді  Г. Құрбанбаева.

Оның айуынша, суалнамаға 770 нарықтың 350 нарығының басшылары қатысты. «Бұл мәселеде сауданың жаңа форматын әкідіктердік толық түсінбеуі де кедергілер туғызуда», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «ASIAN RETAIL & DISTRIBUTION 2014» I Азиялық бөлшек сауда және тұтынушылық тауарлар дистрибуциясы бизнес-саммиті барысында Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі келешегі бар тауар нарықтары, БЭК елдеріндегі кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, өндірістің өсу нүктелері және ритейлдің жаңа мүмкіндіктері, ұлттық брендтерді қолдау, сауда жылжымайтын мүлкінің даму келешегі, қозғалыс логистикасы және тауарларды сақтаудың заманауи жүйелері талқыланады. Көлемді оқиға кәсіпкерлер-сауда компаниялары иелерінің, құрылтайшылардың, жаһандық желілерге ие ірі бизнес-серіктестердің басын қосты. Саммитке Қазақстан, Ресей, Беларус, Болгария, Индонезия, Германия, Пәкістан және басқа да елдердің ірі кәсіпкерлері, өндіруші компаниялар басшылары, импортшы кәсіпорындар және бөлшек сауда фирмалары қатысты. 


Back to the list