08.11.2014
«Бұл бағдарлама Елбасының тікелей тапсырмасы аясында жасақталды және ол қор нарығы мен халықтың инвестициялық белсендлігін арттыруға бағытталған. Осылайша халық отандық компаниялардың акцияларын сатып ала алады, бұл бағдарлама бойынша кез-келген қазақстандық қалаған компанияның ортақ қожайына айналады», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов.
Осы ретте ол, KEGOC компаниясының акцияларын алғашқы орналастыруы үшін Алматының инвестициялық әлеуеті жоғары, деп атап өтті.
«Осыдан 2 жыл бұрын Алматыда ҚазТрансОйл компаниясының акцияларын алғашқы орналастыру таныстырылымы өтті. Айта кетерлік жайт, сатылған акциялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ 48% немесе 10,6 млрд теңгеге алматылықтар сатып алды. Алматылықтардың бұл белсенділігі түсінікті, себебі шаһар Қазақстанның қаржылай және іскерлік орталығы», - деді А. Есімов.