07.11.2014
Талдықорғанда облыс әкімі А.Баталовтың, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, облыстық мәслихат, жергілікті кәсіпкерлік және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыс өткізді.
«Шара басталардың алдында депутаттар Ескелді ауданындағы «Хильниченко және К» коммандиттік серіктестігінде, «Green House – Жасыл үй» ЖШС-інде, «Қазцинк ТЭК» ЖШС-інде болды, сондай-ақ «Қайнар АКБ» ЖШС-і қорғасын аккумуляторлар зауытын жаңғыртумен және Текелі шағын қаласын дамытудың кешенді жоспарымен танысты», - делінген хабарламада.
Отырысты аша келіп, комитет төрағасы А.Бижанов Мемлекет басшысының осы Жолдауында алға қойылған әлеуметтік-экономикалық жаңғырту міндеттерінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Стратегиялық басымдықтар қатарында – азаматтардың әл-ауқатын көтеру мен біздің қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың берік іргетасын жасау басты мақсат болып табылатын жұмыспен қамту және еңбекке ақы төлеу саясатын жаңғырту бар.
Сенатор бұл міндетті шешу Қазақстан экономикасын индустриялық-инновациялық жедел дамыту бағдарын іске асыруға, сондай-ақ қуатты агроөнеркәсіп секторын қалыптастырумен байланысты екенін атап өтті. 2030 жылға дейін еліміздің Жалпы ішкі өніміндегі үлесі 40 пайызға дейін өсуге тиісті шағын және орта бизнестің дамытуға қолайлы жағдай жасауға маңызды рөл беріледі. А.Бижанов жұмыспен қамтудағы өнімділік, іскерлік белсенділікті үдету саласындағы өзекті мәселелерді атап өтті және аймақта қолдануға болатын келешегі бар және мүмкіндігі зор жүйелі шешімдерді белгіледі.
С.Жақыпова «Жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, тетіктері мен құралдары туралы хабарлады. Оның сөзінде сондай-ақ кәсіпкерлік белсенділікті үдету, кәсіби және аумақтық тұрғыдағы еңбек ресурстарының қозғалыстарын арттыру, тұрақты және уақытша жұмыс орындарының жоспарлаудың үйлесімділігі мәселелері көтерілді.
Кездесуді қорытындылай келіп сенатор А.Бижанов бұл талқылау Жолдаудың әлеуметтік-экономикалық саладағы міндеттерін іске асыру жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыратынын атап өтті.