• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысында қаржыландыру екі есеге артты - әкім 07.11.2014

«Аймақ үшін Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалар үлкен қолдау болып табылады. Соңғы екі жылда аймақты дамытуға бөлінген  қаржы екі есе көбейтілді»,- деп атап өтті әкім.

Қ. Көшербаев еске салып өткендей, 2012 жылы  144 млрд теңге бөлінді, ал 2014 жылы нақтыланған бюджет 211,7 млрд теңгені құрады.

«Осы жылы әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін жан басына 158 мың теңге бөлінді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Қызылорда облысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша соңғы 16 орында болды. Ал, 2013 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы бестікке енді»,- деп толықтырды ол.

Аймақ басшысы атап өткендей, 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы салық көлемі бойынша 14 орынға тұрақтады. «Ал, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Атырау, Алматы, Астана мен Маңғыстаудан кейін 4 орыннан табылды. Қатаң саясат жүргізілді, тәртіп орнатылды, тіпті салық органдарында да»,- деді ол.

Камила Амирова


Back to the list