07.11.2014
«Қалада 50 текше метр құм аралас қоспа дайындалды. Жалпы, облыс орталығын қардан тазарту үрдісіне 155 техника бірлігі жұмылдырылатын болады. Оның ішінде 16 көлік жаңадан әкелінген. Әрбір ұйым, тазалау жұмысына қатысады, олардың әрқайсысына көше берілген», - делінген хабарламада.
Петропавл қаласының ТКШ және коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Жанабек Тұрсынов қала екіге бөлінгенін айтты. «Бірінші кезек – барлық магистральды көшелер,олардың саны-35. Бұл негізгі бағыт болып есептеледі. Шамамен есептегенде 1 млн 300 шаршы метр. Екінші бөлігі – шет, шалғай аудандар. Онда 2 млн шаршы метр бар», - деді ол.