• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдың 2 жартысында мемлекеттік бағдарламаларға сараптама жасайды 06.11.2014

«Мемлекеттік бағдарламалардың алдын ала сараптамасы жасалынды. Мемлекеттік бағдарламалардың бағасы – бір-екі айда бітетін нәрсе емес. Бүгінге дейін палата қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдары тұрғысынан 11 мемлекеттік бағдарламаның басын біріктіретін кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай бағдарламасы жобасын дайындады. Қазіргі таңда Үкіметпен бірлесіп осынау бағдарламаға қосымша әдістер мәселесі талқылануда», - дейді Құрбанбаева.

Оның айтуынша, құжаттарды жібергеннен бастап әкімшілік  тарапынан бағдарлама мәліметтеріне ретроспективті талдау жүргізілгеннен кейін толыққанды сараптама жасауға мүмкіндік туындайды. «Келер жылдың екінші жартысында нақты нәтижеге қол жеткіземіз», - дейді басқарма төрағасының орынбасары.

Өздеріңізге де белгілі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталмыш бағдарламаның бизнестің нақты мәселелерін шешетін  қаншалықты шешетінін ескере отырып мемлекеттік бағдарламаларды бағалаудың өзіндік әдістемесін дайындады. Оның айтуынша, дайындалған жұмыстар ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды.

«Алдын ала болжамдар бойынша бағдарламалардың бірі мүмкін болған 5 ұпайдың 1-2 ұпыйына  ғана қол жеткізген. Көптеген бағдарламалар биыл аяқталады. Солардың арасында 39 салалық бағдарлама бар», - дейді. Сонымен қатар Г.Құрбанбаева Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын дайындауды міндеттегенін мәлімдеді.

Камила Амирова


Back to the list