• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада I Азия бөлшек сауда мен тауарларды дистрибуциялау бизнес-саммиті өтіп жатыр 06.11.2014

Екі күндік бизнес-саммиті өткізудегі мақсат мемлекеттік орган, импорт және экспорт кәсібіндегі өндіруші компаниялар өкілдері мен әр елдің тәуелсіз сарапшыларының пікірлерін тыңдап, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мен Азия өңіріндегі заманауи сауданың даму үрдістері мен ұсыныстары жайлы пікір алмасу.

Сонымен қатар, қатысушылар тасымал, тауарларды сақтау мен оны таратудың заманауи жүйесі, нарықтар алдында азық-түлік дүкендерінің бәсекеге қабілеттігін құру мен қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Шара барысында «Азия өңіріндегі халықаралық сауда. Бизнес үшін еркін және әділ бәсекелестіктің үздік шартын қалыптастыру тәжірибесін реттеу», «Өндіріс өсімінің нүктесі  және ритейлдің жаңа мүмкіндіктері: БЭК нарығының болашағы», «Жылжымайтын мүлік саудасы» және басқа тақырыптар бойынша панельді сессия өтеді.

Айта кету керек, саммитке Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Индонезия, Германия, Пәкістан мен өзге елдердің ірі компания басшылары қатысуда.

Камила Амирова


Back to the list