• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ақмола облысында 1350 бас ірі қара сатып алынды 06.11.2014

«Жұмыс сапары барысында Ақмола облысының  әкімі Сергей Кулагин Қорғалжын ауданына ат басын бұрды. Аудандағы Тыңғылықты ауылында облыс басшысы «EL-NURGROUP» ЖШС бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Шаруашылық 3000 басқа арналған 2 қораның құрылысын аяқтау үстінде. Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1350 бас ірі қара мен Ангус және Герефорд тұқымын өндірушілерден 45 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Келер жылы шаруашылықтағы ірі қара мал басын 3000-ға дейін арттыру көзделіп отыр. Алдағы уақытта кәсіпорын сүтті тұқымды 5000 бас ірі қара ұстауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өңір басшысы жөндеуден өткен Дударай ескерткішімен танысты. Ерекше қорғауда жатқан жергілікті қорық Орта Азияда теңдессіз орындардың бірі. Ондағы құс пен жануарлардың алуан түрлілігі осы сала мамандары мен қарапайым халықтың жоғары қызығушылығына ие. Қорғалжын ауданының туристік әлеуеті жоғары. Қорғалжын ауданында жұмыс істеп тұрған сапар орталығы жергілікті жануарлар түрлері мен бай табиғи байлықтар туралы мәлімет беретін бірегей орын.  

Әкімдіктің хабарлауынша, С.Кулагин жұмыс сапары барысында мектеп-гимназияны да барып көрді. Мектеп 600 адамға арналған. Қазіргі таңда онда 397 оқушы білім алуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ғимараттың барлық терезелері ауыстырылды. Сонымен қатар, ішкі есіктер де алмастырылып, қазандық жөндеуден өтті. Айта кету керек, Қорғалжын ауданында «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жолға қойылған. Мысалға, «Ақ ботақан» жеке меншік балабақшасында қазіргі таңда 80 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі әлеуметтік нысандар жағдайын жақсартып, жаңа жұмыс орындарын ашатын жекелеген өндіріс ошақтарын ашуға инвесторларды тарту керектігін тапсырды. Одан кейін әкім аудандық орталық ауруханаға «Хюндай» маркалы реономобилінің кілтін табыстады. Соңында өңір басшысы тәрбиеші, дәрігер терапевт, «Орыс әні» ансамблінің жетекшісі және учаскілік инспекторларға мақтау қағаздарын табыстады.


Back to the list