• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе кәсіпкерлері ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасты 05.11.2014

«Ресей кәсіпкерлерінің екі күндік сапары Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өтті. Сапар аясында қос тараптың да бірқатар компанияларының таныстырылымы жасалынып, қонақтар жергілікті кәсіпорындарды аралады», - делінген хабарламада.

Ресей делегациясы қатарында әр өңір мен сала өкілдері бар. Олардың арасында кран шығару кәсіпорны, кен өндіру саласына экскалаторлар мен құрылғылар шығаратын, жарықдиодты құрылғы өндірумен айналысатын кәсіпорындар бар. Сонымен қатар, Ақтөбеге Кисловодский мен Геленджик өңірлерінің демалыс-шипажай мекемелері өкілдері де арнайы келген.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, жылқы еті, сиыр еті, доңыз еті мен құс еті негізінде жартылай фабрикаттар шығаратын фирмалар Ақтөбе облысынан шикізат тасымалдауға қызығушылық танытып отыр.

Айта кету керек, сапар барысында Ресей Федерациясында да осындай кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс тасталды. Қатысушылардың айтуынша, мұндай кездесу бизнесті халықаралық деңгейде дамытып, екі ел бизнесі арасындағы әріптестік байланысты нығайта түспек.


Back to the list