05.11.2014
«Қарашада республикалық мүлік бойынша 4 нысан сатылымға шығарылды, ең ірі нысан «Қазаэрожоба» ғылыми институты, ол жобалық қызметпен айналысады. Коммуналдық меншік бойынша - 28 нысан бар, оның ішінде 6 - тіл үйрену бойынша, тағы 6 - БАҚ, 5 нысан – спорт клубтары, тағы 5 қайырымдылықпен айналысатын нысандар.
Жыл соңына дейін 311 нысанның 156 сатылымға шығару ғана қалды. Олардың 7 республикалық меншік, 47 - коммуналды, 45 - ӘКК, 57 - холдингтер, Оның ішінде 47 нысан «Самұрық-Қазына»»,- деп хабарлады брифингте Эдуард Өтепов.
ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы атап өткендей, Қазақстанда жекешелердіру бойынша ең көп сатылым желтоқсанға жоспарланған - 103 нысан.
«Бүгінгі таңда ҚР ҰЭМ жанындағы мемлекеттік мүлікті оңтайландыру комиссиясы нысандар тізімін оңтайландыру, нысандар тізімін толықтыру немесе олардың кейбіреулерін нысаннан алып тастау бойынша жұмыстар жүргізуде»,- деп толықтырды ол.
Қаржы министрлігінен хабарлағандай, тақырыптық сайтқа кірушілердің саны 186 мыңнан асты.
Бұған дейін ведомстводан хабарлағандай, бүгінгі таңда 82 нысан саудаланды. Жалпы, бастапқы баға 3 млрд теңге болған жағдайда сатылым құны 4,6 млрд теңгені көрсетті.
Осы жылы 295 нысан сатылымға шығарылады, бұдан басқа әкімдіктер, ӘКК мен холдингтер тағы 16 нысанды саудаға шығаруды ұсынды.
Камила Амирова