• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Түлкібастың жалпы өнім көлемі биылғы жылдың 9 айында 27 943 млн теңгені құрады 05.11.2014

Оның ішінде өнеркәсіп тауар өнімі – 13 597 млн теңгені, ауыл шаруашылық өнімі – 13 101 млн теңге, бөлшек сауда тауар айналымы 1 244 млн теңгені құрады деді, аудан басшысы.

«Осы жылдың 1 қазанына аудан бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары 7 105 млн теңге болса, орындалғаны 7 138 млн теңге немесе 100,5 пайыз. Ал өнеркәсіп кәсіпорындары – 13 597 мың теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызға өсіп отыр. Ауданда шағын және орта барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны – 22, мезгілді жұмыс атқаратыны – 10», - деді әкім.

 Тоқтап тұрған кәсіпорын жоқ деп, мәлімдеді Қайрат Әбдуәлиев. Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы инфрақұрылымын жетілдіруге ауданнан жалпы құны 736 400 мың теңгелік 6 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, «Ырыс» микро қаржы ұйымы ЖШС-не несие алуға ниет білдірген азаматтарға ірі қара мал басын бордақылау бойынша 29 азаматқа 82 500 мың теңге. Сүт өндіру бағыты бойынша 4 азаматқа 7 100 мың теңге. Жылқы бордақылау бағыты бойынша 6 200 мың теңге. Ауылшаруашылығы техникасын лизинг арқылы 2 шаруа қожалығына 9 млн теңгеге қаржыландырылды.

 


Back to the list