• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда кәсіпкерлеріне БЖК аясында  590 сервистік қолдау көрсетілді 03.11.2014

«Ұлттық палатамен заң шығару мәселелеріне ревизия жүргізу барысында 410-нан астам өзгерістер енгізіліп, оның 239-ы ҚР Үкіметінің рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі ведомоства аралық комиссия отырысында мақұлданды. Қадағалаушы органдардың заңсыз тексеру қызметіне жедел әрекет ету мақсатында облыстық прокуратурамен бірлескен мобильді топ құрылып, оның аясында 7 рейд ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеттерінің бірі – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, олардың мүдделеріне өкілдік ету болып табылады. Осы орайда жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау Кеңесінің 3 отырысы өткізілген. Кеңесте 9 сұрақ қарастырылып, жылдық қорытындысында 500,0 млн. теңгеден астам қаржы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген»-, деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Нұржан Әлтаев.

Өтінімдер статистикасына сәйкес, бүгінгі күнге келіп түскен өтінімдер саны 3 148, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 2 025, аудандарда 1120, оларға 6 600-ден астам  кеңестер берілді, 71% (4694) облыс орталығында, 29% (1958)   аудандарда. БЖК-2020 мемлекеттік бағдарламасының 4-ші бағытының аясында бүгінгі таңға 590 кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді. Ал негізгі жылдық жоспар 300 кәсіпкер болатын. Осы орайда мемлекеттік  бағдарламаларды түсіндіру- 2 207 кәсіпкер, қаржыландыру бойынша кеңес беру -700 кәсіпкер кеңес алған.

Палатаның негізгі жұмыстарының бірі тегін негізде бизнес жоспарларды әзірлеу. Барлығы 1 млрд. теңгеден астам сомаға 68 бизнес-жоспар тегін әзірленді. 

Бүгінгі күні Палата облыс бойынша 197,5 млрд. теңгеге бағаланған 104 инвестициялық жобалардың реестрін жүргізуде. Оның ішінен 21,0 млрд. теңгенің 12 локомотивті жобасы іріктеліп алынды. Бұл жобалар: ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары, ұн тарту комбинаты, құрама жем зауыты, Арал қаласындағы балық өңдеу зауыты, ет өңдейтін комплекс және басқалары.

Қазіргі уақытта барлық жобалар бойынша тұрақты түрде сүйемелдеу және іске асырылу барысына мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Палата отырыстарының қорытындысы бойынша шағын орта бизнесті дамыту жағдайларын жақсарту мақсатында бірқатар тереңдетілген талдау жұмыстары жүргізілді және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар берілді.


Back to the list