• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«ҚазАгро» ҰБХ 25 мыңнан астам ШОБ субъектілеріне несие берді 03.11.2014

Өздеріңізге де белгілі, несие барынша ірі кәсіпорындарға тиесілі. Өйткені несие алушы кәсіпорын холдингке бухгалтерлік байланысты көрсетіп, есеп беруі керек. Дегенмен, қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерліктерге деген мемлекеттік қолдауы жоғары деңгейде.

«Қазіргі таңда «ҚазАгро» ҰБХ несиелік портфелінде 30 мыңнан астам несие қарыз алушы бар, соның 25 мыңы ШОБ субъектілері болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі несиелік құны 200 мың теңге мен 60 млн теңге аралығында», - дейді Д.Махажанов.

Сонымен қатар, «ҚазАгро» ҰБХ басқарма төрағасының орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда АӨК шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жеткілікті деңгейде қамтылмаған. «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы ең шалғайдағы ауылдар мен аудандарға дейін несиелеу арнасын кеңейтпек.  

«Шағын және орта кәсіпкерліктердің жеткілікті деңгейде қамтылмай отырғаны жасырын емес. Елімізде тіркелген 200 мың шағын және орта кәсіпкерлік бар болса, соның ішінде 30 мыңына ғана несие беруіміз көңіл көншітерлік емес. «Агробизнес-20202» мемлекеттік бағдарламасы сату арнасын кеңейте отырып шағын кәсіпкерлер мен шаруаларға да несие беруді қолға алмақ. Менің ойымша, алдағы 2-3 жылда АӨК шағын субъектілерін несие қаражатымен қамту үлесі артпақ», - дейді ол.

Индира Қауметова


Back to the list