• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қаржыландырудың жаңа құралдары енгізілуде - Мақажанов 03.11.2014

««Агробизнес-2020» мемлекеттік  бағдарламасы аясында қаржыландырудың жаңа құралдары енгізілуде, атап айтар болсақ олар  - берешекті жартылай кепілдендіру және қарызды сақтандыру. Бұл құралдар несиені жабуға қаржысы жеткілікті болмаған жағдайда немесе ауылдағы ШОБ несиелеу барысында қолданылатын болады», - деп мәлімдеді Д. Мақажанов.

Сонымен қатар, «ҚазАгро» ҰБХ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Мақажанов   атап өткендей, мемлекеттік кепілдік саясаты аясында ауылдық фермерлер кепілге меншігінде бар мүлкін қоя алады.

«Кепілдік саясаты туралы айтатын болсақ, шаруалардың меншігінде сабан үйлер мен мал басы бар және олардың  барлығы кепілге алынады. Осы ретте  «Сыбаға» және өзгеде бағдарламалар жақсы көтерілді, рәсімделген 70% несиеге шаруалар кепіл ретінде меншігінде бар ескі техниканы, мал басын, жалпы өзінде бар мүлікті қойған», - ден сендірді ол.

Бұдан басқа, Д. Бақытжанов Қазақстанда құрамына барлық фермерлер кіретін несиелік серіктестіктер желісі белсенді дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Айта кетерлік жайт, несиелік серіктестіктер дамып келеді, онда шешімді басқарма қабылдайды және оның құрамына шаруалардың өздері кіреді. Қазақстан бойынша осындай несиелік серіктестіктерге 10 мыңнан астам фермерлер кіреді және олардың несиелік қоржыны 40 млрд теңгені құрады», - деп түйді ол.

Индира Қауметова  


Back to the list