02.11.2014
Оның айтуынша, өткен жылғымен салыстырғанда өңірдегі егістік алқап 16 мың гектарға артқан. Нәтижесінде жалпы егістік аумағы 790 мың гектарды құрады. Егістік алқапты әртарапандыру жұмыстарының арқасында ж»не мал шаруашылығын дамыту мақсатында жем-шөп егістігі көлемі артқан.
«Осылайша өткен жылғымен салыстырғанда жүгері егістігі 13 мың гектарға, жем-шөп егістігі 16 мың гектарға артса, тиісінше мақта шаруашылығы 10,4 мың гектарға азайды. Биыл көкеніс пен бау-бақша өнімдері және картоп 2,3 млн теңгені құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 250 мың тоннаға артты», - дейді Қ.Оспанбеков.
Өңір әкімдігінің хабарлауынша, 2014-2016 жылдарға арналған облыстың бау-бақшасын дамыту шараларының жоспары бекітілген.
Сонымен қатар облыс аумағында өнімді сақтау үшін 200 мың тонналық сыйымдылыққа ие көкеніс қоймасы жұмыс істеп тұр. «Жыл соңына дейін заманауи түрдегі көкеніс қоймасын сақтау жоспарланып отыр. Оның сыйымдылығы 10 мың тонна болмақ. Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында «2014-2016 жылдарға арналған ОҚО-да мал шаруашылығын дамыту шараларының жоспары» бойынша 4,4 млрд теңгеге 1615 жоба қаржыландырылған», - делінген хабарламада.