• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада Ақмола облысы шаруаларының жәрмеңкесі өтіп жатыр (ФОТО) 01.11.2014

Өңір әкімдігінің хабарлауынша,шараға Ақмола облысының 17 ауданы мен 2 қаласының кәсіпкерлері қатысуда. 

«Тауар өндірушілер 53 түрлі өнім алып келген. Олардың арасында ет және шұжық өнімдері 83 тонна, балық 4,5 тонна, жұмыртқа 213,2 мың дана, сүт және сүт өнімдері 20 тонна, ұн 50 тонна, картоп 190 тонна, көкеніс 89 тонна, қант 10 тонна, өсімдік майы 9 мың литр. Аталған өнімдердің барлығы нарық бағасынын 15-20 пайызға арзан», - делінген хабарламада.

Бүгін Астанада жалпы құны 118 млн теңгенің 506,2 тонна өнімі сатылады деп күтілуде, деп хабарлайды әкімдік.

Шара аясында «Бауырсақтар фестивалі» мен «Айран тойы» өтпек. Мұнда халықтың ұлттық тағам өнімдері дайындалады. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары облыстың шығармашылық ұжымы өнерін тамашалай алады.


Back to the list