31.10.2014
Облыс әкімі орынбасары Мұхтар Жұмағазиев облыстағы ауыл шаруашылығының қазіргі күйі туралы айтты. Ору науқанының аяқталғанын баяндай келіп, астық жиын-терімінің жалпы көлемінің 149,6 мың тонна болғанын мәлімдеді. Соның ішінде бидай көлемі 122,4 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар 90,2 мың тонна картоп пен 65,8 мың тонна көкеніс жиналған. Жем-шөп дайындау жұмыстары туралы айта келіп, облыс шаруаларының 1,8 млн тонна мал азығын дайындап қойғанын тілге тиек етті. Бұл жалпы жоспардың 109,8%-ын құрайды.
Өңірдің әкімдігінен хабарлағандай, келелі кеңесте бюджет қаражатының игерілу мәселесі де маңызды болды. Облыстық қаржы басқармасының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 27 қазанындағы жағдай бойынша шығындарды орындау 92,1% құрады. Жыл соңына дейін тағы 27 млрд теңге игерілуі керек.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бюджеттік қаржыны игеруге бағытталған шараларды қабылдауды талап етті. Сондай-ақ, ол ай сайын бюджеттік бағдарламалар бойынша несиелік және дебиторлық жұмыс бойынша мониторинг жүргізіп отыруды талап етті.