31.10.2014
«Жыл соңына дейін 700 млн теңгеге 116 үй жөндеуден өткізіледі. Өткен жылдың желтоқсанынан бері 34 үйдің 85 жеделсатысы алмастырылды», - делінген хабарламада.
Алматы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бөлімінің бас маманы Жандос Қайырхановтың айтуынша, 91 үйде блоктық жылу пунктерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қалған үйлерде де инженерлік желілерді алмастыру мен кіреберістерді жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Естеріңізге сала кетейік, ТКШ жаңғырту бағдарламасын Үкімет 2011 жылы қабылдаған. Бағдарлама 2020 жылға дейін есептелген. Онда электр-газбен қамту желілерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары мен энергияүнемдегіш технологиялар енгізу қарастырылған.