• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қостанай облысында 3,6 млн тонна астық бастырылды – Садуақасов 31.10.2014

«Соңғы үш жылда облыста ауа-райы қолайсыздығы байқалуда. Бұл өз кезегінде белгілі бір деңгейде қиындық тудырғаны анық. Нәтижесінде 20-25 күндік кешігуді де бастан өткердік. Ақырында ору науқанын жылжытуға мәжүр болдық. Дегенмен барлық ору конвейер өз деңгейнде жұмыс істеп тұр. Барлық 40 астық қабылдау пунктері қазіргі таңда тәулік бойы жұмыс істеуде. Сонымен қатар 230 құрғатқыш та тоқтаусыз қызмет етуде. Олардың жалпы қуаттылығы 216 мың тонна. Биылғы егістіктің шығымы гектарына 10,7 центнерді құрады. Қазіргі таңда жалпы көлемі 3,6 млн тонна астық бастырдық», - дейді әкім.

Оның айтуынша, күзгі ору науқаны жұмыстары нәтижесінде жиналған астықтың 70 пайызы үшінші сыныпты бидай болып шықты. Қазіргі таңда облыста 4-5 сыныпты бидай да жоқ емес.

«Орылмай қалған егістік жердің көлемі 650 мың гектар. Бұл жалпы егістік алқабының 17 пайызын құрайды. Олар негізінен облыстың солтүстік жағы. Олардың егістік шығымы гектарына 14-15 центнерден келеді. Біз осынау ору науқынын толықтай аяқтап шығуымыз үшін қазір толықтай он күн жұмыс істеуіміз керек. АШМ дер кезінде іске кірісе білгенін айта кету керек», - дейді Нұралы Садуақасов.

Индира Қауметова


Back to the list