31.10.2014
«Егер 2011 жылы 900 жеңіл көлік жиналса, 2012 жылы 2,5 мың көлік шығардық. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 7,5 мыңға дейін жетті. Енді биыл жыл соңына дейін тағы 8,5 мың көлік жинау жоспарланып отыр. Зауыттан күн сайын SsangYong, Iveco, Peugeot, Hyundai, Toyota секілді атақты модельдердің автокөліктері шығарылады. Алдағы уақытта бұлардың қатарына қытайлық көліктер де келіп қосылуы мүмкін», - дейді әкім.
Айта кету керек, Қостанай облысында машина құрастыру саласы жыл санап қарқынды дамып келе жатыр. 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында өңдеуші саладағы осынау сектордың үлес салмағы 22,6% (38,7 млрд теңге) құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 11,2 % (20,1 млрд теңге) артық.
Индира Қауметова